Түркістан облысында Өзбекстан азаматы есірткі контрабандасымен ұсталды

Келестік полицейлер Өзбекстан азаматын есірткі контрабандасы үшін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ кезекші бөлімінің «102» пультіне шекарадағы бақылап-өткізу бекетінде есірткі контрабандасының жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде шетелдіктердің біріне «Лео» атты қызметтік ит белгі бергенін анықтады.

Жедел уәкілдер күдіктіні, Өзбекстан азаматын тінту кезінде өзінің басқаруындағы жүк көлігінің ішінен есірткі затына ұқсас түйіншекті тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат салмағы 1 грамнан асатын гашиш болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналымнан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды.