Биыл Алматыда үш мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

Премьер-министр Асқар Мамин Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3%, яғни 1,3 трлн теңгеге өсті. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2,7%-ке, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 917 млрд 800 млн теңгеге жетті. Дәнді дақылдардың егістік алқаптары шамамен 7 мың гектарға ұлғайып, жалпы ауданы 969 мың гектарға жетті. Мал басы 5%-ке артты. Ал ет пен сүт өндірісі, тиісінше, 2,2% және 3,2%-ке өсті. 957 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, құны 118 млрд теңгеге тең 62 жобаны іске асыру жоспарланған. Кеңес отырысы соңында Үкімет басшысы Алматы облысын дамыту бойынша жоспарланған барлық жобаны уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды.