419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда карантин талаптарын бұзған караоке-бардың жұмысы тоқтатылды

  • 94
  • UPD: 20:09, 04.02.2021
Қостанайда карантин талаптарын бұзған караоке-бардың жұмысы тоқтатылды

Қостанайда карантин талаптарын өрескел бұзғандар сот алдында жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеуді елемегендер тізіміне үш караоке-бар ілікті. Бұл нысандар түнгі уақытта жұмыс істеп, зал ішінде көп адам жинаған. Кәсіпкерлер осыған дейін де бірнеше рет айыппұл төлеп, әкімшілік жазаға тартылған еді. Бірақ бұл шаралардан нәтиже шықпағанға ұқсайды. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті олардың қызметін тоқтату туралы талапты экономикалық сотқа жолдады. Сот олардың біріне қатысты шешім шығарған. Енді бұл мекеме алдағы үш айда жабық болады.

Зәуре Едікова, облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сот келіп түскен талапты қанағаттандырды. Осылайша, заңға қайшы әрекет жасағаны үшін караоке-бардың жұмысы үш ай мерзімге тоқтатылды. Өтініш шұғыл түрде орындалды.

Хабар 24 телеарнасы