Өскеменде бір күнде жарты жылдық мөлшердегі қар жауды

Өскеменді қар басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа райын болжау орталығының мәліметі бойынша өткен түннен бері өңірге 30 сантиметрге жуық ақ ұлпа түскен. Осының салдарынан бүгін таң ата қалада қозғалыс қиындады. Қоғамдық көліктер кешігіп, тұрғындар жұмыстан қалды.

Ал қар шығаруға шаһардағы барлық коммуналдық мекеменің техникасы жұмылса да, үлгермей жатыр. Жалпы өскемендіктер қысты қалай өткізіп жатыр?

Олжас Керейхан, тілші:

- Шығыста қараша мен желтоқсан және қаңтарда қар көп жауған жоқ. Сондықтан коммуналдық мекемердің жұмысы да қауырт болмады. Тек қаңтардың алғашқы аптасында сақылдаған сары аяз қысса, енді міне, ақпан ақ қармен басталды. Кешелі-бері тоқтаусыз жауғандықтан, қаладағы кейбір шеткі шағын аудандарда мүлде жол жоқ. Жеке көліктердің көбі орнынан қозғалмай, омбы қарға батып жатыр.

Орталық көшелерді айтпағанда мынадай жалғыз аяқ жолдарда қарға адым қиындап кетті. Сондықтан өскемендіктердің бүгінгі жұмысы қар күреуден басталды. Ал ауа райын болжау орталығының мамандарының мәлеметі бойынша кешеден бері аймақта 30 сантиметрге жуық қар жауған.

Жауған қарды шығаруға жолдың тазалығына жауапты коммуналдық мекеменің барлық техникасы мен жұмысшысы толық жұмылдырылды. Алайда өте көп жауғандықтан, тазалап үлгермей жатыр.

Блиц 1:

- Бірінші кезекте аялдамаларды тазаласа дұрыс болар еді. Таңертең балалар сабаққа барғанда. Қар көп жауғандықтан үлгермей жатқан болу керек. Аулалардың бәрі осы, көлік шыға алмай жатыр.

Блиц 2:

- Наш сегодняшний день начался с уборки снега, пришли убрали, вот у нас такая оказия случилась, снег с крыши упал, хорошо клиентов не завалило

Олжас Керейхан, тілші:

- Қалың қарды шығаруға жеке кәсіпорындардың да техникасы тартылып жатыр. Қазір қала бойынша жалпы 120 техника жол бойында жүрсе, 85 техника коммуналдық мекемеге тиесілі. Ал 150 жұмысшы екі ауысыммен қар күреп жүр. Жолды қыста күтіп ұстауға тек биыл қала қазынасынан 760 миллион теңге бөлінген. Бүгінге дейін шаһардан 50 мың текше метр қар шығарылған.

Тимур Екібасов, қалалық коммуналдық мекеме жетекшісі:

- Кеше кешкі 21:30 басталды. Міне, қазір түс уақыты қар әлі жауып тұр. 12 сағаттан астам қар тоқтамай жауып тұр.  Бізде екі бригада бар.

Коммуналдық сала мамандары әлі де бел жазатын түрі жоқ. Өйткені ауа райын болжау орталығының мәлеметі көңіл көншітпей тұр.

Гүлнұр Ерланова, облыстық «Қазгидромет» орталығының байланыс операторы:

- 6-7 ақпанда облыс бойынша ауа райын жауын-шашынды сулы қар, бұрқасын көктайғақ тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 20-23 метрге дейін жетеді.

Алғашқы аптасы ақ қармен басталған ақпанның екінші он күндігі арқыраған бораны келеді. Сондықтан шығыстағы ел-жұрт көктемге асықпай жетеді. Яғни, біздің жақта қыс ұзақ.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин