419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда карантин жеңілдеді

  • 198
  • UPD: 23:11, 04.02.2021
Қазақстанда карантин жеңілдеді фото: alau.kz

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулының жаңа ережелеріне сәйкес, білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етіледі.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автомобиль өту жолдарымен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізіледі:

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локоматив бригадаларының мүшелерін, қызметі темір жол, теңіз және өзен көлігімен тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген анықтаманы ұсынуға міндетті;

- Қазақстан Республикасына темір жол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өту жолдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен өткізу пункттері арқылы келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, локоматив бригадаларының мүшелерін; темір жол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

 

Хабар 24 телеарнасы