Оралда 8,5 мыңға жуық медицина қызметкерін вакциналау көзделіп отыр

Батыс Қазақстан облысында 8 мың жарымға жуық медицина қызметкерін вакциналау көзделіп отыр.

Қазірдің өзінде жедел жәрдем қызметінде, сондай-ақ ауруханалар мен емханаларда еңбек етіп жүрген 250 маманға екпе салыныпты. Мәселен, облыс орталығындағы номері екінші емханада күн сайын 10 адам егіледі екен. Иммундау шарасына келешекте тәртіп сақшылары мен педагогтар және медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметкерлері де тартылмақ. Вакциналау барысын қоғамдық кеңес мүшелері де қадағалап отыр.

Айта кету керек, екпе егу кабинеттері қаладағы барлық емханада жұмыс істейді.

Нұрия Ақбөленова, медбике:

- Ковид-19-бен ауырмау үшін осы прививканы алуға өзім келісім беріп алдым. Бұл өте керек, вакцинаны алу керек, оның ішінде медиктер.

Айгүл Түркина, облыстық қоғамдық кеңес өкілі:

- Қоғамдық кеңес мүшелері нөмірі екінші емханаға келіп осы вакциналау барысының алгоритмімен таныстық. Температура режимі сақталады, екпе алған медқызметкерлер үшін тынығу бөлмелері жасақталған. Ғылымның жетістігін пайдаланып, аурудың алдын алған дұрыс деген ойдамыз.

Сондай-ақ...