419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы қаншалықты өзгерді

  • 148
  • UPD: 10:15, 05.02.2021
Биыл Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы қаншалықты өзгерді

Қазақстанда жабдықталған тұрғын үйді жалдау құны бір жылда 9%, жабдықталмаған үйді жалдау бағасы 4% өсті, деп хабарлады energyprom.kz.

Тұрғын үй жалдау құны бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 2021 жылдың басында 138 елдің ішінен 107-орынға ие болды. Бұл елімізде үй жалдап тұрудың қолжетімділігін көрсетеді.

Баспана жалдау құны ең қымбат мемлекеттердің рейтингін мына елдер бастап тұр: Бермуд аралдары, Гонконг, Сингапур. Рейтингке сәйкес жалға берілетін ең арзан тұрғын үйді Ауғанстаннан табуға болады.

2020 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жабдықталған тұрғын үйді жалдаудың орташа құны бір шаршы метр үшін 1,6 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3% артық. Ал қараша айымен салыстырғанда жабдықталған тұрғын үйді жалдау құны 1,2% өсті.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында ең қымбат жалдау құны елордада (бір шаршы метр үшін 2,9 мың теңге), Алматыда (2,3 мың теңге) және Ақтауда (2 мың теңге), ең төменгі баға Семейде (1, 2 мың теңге).

Жабдықталмаған тұрғын үйді жалдаудың орташа құны бір шаршы метр үшін 848 теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5% қымбат. Бір айда жалдау бағасы сәл жоғарылады – 0,5%.

Жабдықталмаған тұрғын үй жалдау үшін ең қымбат баға Алматыда (1,6 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (1,6 мың теңге) және Талдықорғанда (шаршы метрге 1,1 мың теңге).

Хабар 24 телеарнасы