Алматыда «Digital Almaty 2021» форумы өтіп жатыр. LIVE

Алматыда «Digital Almaty 2021 – цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» халықаралық форумы басталды. Оған саяси көшбасшылар ғана емес, ірі IT-компаниялардың бас директорлары және цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ қазақстандық IT-қоғамдастығының өкілдері қатысуда.

Алмас Садуақас, тілші:

- Форум Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың онлайн желіде құттықтау сөзінен басталды.

Артынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Берге Бренде және әлемге әйгілі «Гугл» компаниясының вице-президент Винт Серфтер іс-шараның маңыздылығана тоқтала келіп, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі. Форумда бүгінгі таңда өзекті саналатын тақырып пандемия кезеңінде цифрландырудың басты мақсаттары, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолдары мен нәтижелері сөз болады. Сондай-ақ өңір мен жекелеген елдерді цифрландыруда қол жеткізілген нәтижені бағалау, тәжірибе және үздік тәжірибемен алмасу да айтылады. Жалпы бүгін кешке дейін 13 пленарлық отырыс өтеді. Онда денсаулық сақтау, өндіріс пен өнеркәсіпті, логистика және өзге де салаларды цифрландыру мәселесі айтылмақ. Мамандар цифрлық білім беру ортасы, IT экожүйесі, даму жолдары, сондай-ақ пандемия кезіндегі индустрияны және цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздікті дамыту үшін маңызды басқа тақырыптар туралы ақпарат береді.