ҚМДБ вакцина салдыруға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы екпе салуға қатысты мәлімдеме жасады.

«Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет делінген.

Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда.

Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі», – делінген мәліметте.

1 ақпанда елімізде жаппай вакциналау басталған болатын. Ал жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа екпе салынады.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Е.Қиясов: «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталуы мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға арнайы QR-код беріледі