417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роман Скляр көктемгі су тасқыны мен өрт қаупі маусымына дайындықты бастауды тапсырды

  • 98
  • UPD: 11:40, 05.02.2021
Роман Скляр көктемгі су тасқыны мен өрт қаупі маусымына дайындықты бастауды тапсырды primeminister.kz

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысына қатысты.

ТЖМ-нің өткен жылғы қызметі, алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы ТЖ министрі Юрий Ильин баяндама жасады. Министрліктің орталық аппараты ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жедел-қызметтік іс-қимылдың перспективалары, міндеттері мен нәтижелері туралы ақпарат берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Алқаны қорытындылай келе Роман Скляр 2020 жылы ТЖ алдын алу және жою, халық пен аумақтарды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының, Үкіметтің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық құжаттарының міндеттерін уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қысқы кезеңнің аяқталуын бақылауда ұстау және қазірдің өзінде көктемгі су тасқыны мен өрт қаупі маусымға дайындықты бастау тапсырылды, өңірлердегі жұмысты талдау, ТЖ-ға ден қою саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру тетіктерін айқындау қажеттігі атап өтілді.

2020 жылы құтқарушылар өрт және апаттық-құтқару жұмыстары бойынша 70 мыңнан астам сапарға шығуды жүзеге асырды, 14 мың адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 19 мың адам эвакуацияланды және 4 мың зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы