Қостанай облысында қылмыстық топ 484 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

Қостанай облысында ауыл шаруашылығына арналған жабдықты сатып алу кезінде қаражатты жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырған бір топ тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-б. 4-б. 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

«Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңгені жымқырған. Қаражат облыстың шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлінген еді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.