Атырау облысында 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілген

Пандемия басталғалы бері Атырау облысында 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілген.

Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Қазір мұнайлы өңірде 12 ПТР зертханасы жұмыс істеп жатыр. Ал олар тәулігіне жеті мыңға жуық зерттеу жүргізуге мүмкіндігі бар. Қаңтар айындағы орташа тәуліктік көрсеткіш төрт мыңға тестті құрап отыр.

Ермек Шмалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Облыс халқына шаққанда бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қаңтар айының өзінде 120 мыңға жуық зерттеу жүргізілді. Ол қыркүйекпен салыстырғанда 2 есеге, желтоқсанмен салыстырғанда 29 процентке артық.