Павлодар облысында қатаң карантин тағы бір аптаға ұзартылды

Бұл туралы мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңір бірнеше апта қатарынан қызыл аймақта тұр. Сол себепті демалыс күндердегі локдаун сақталады. Әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі қысқартылып, шектеу жалғасады. Нақтырақ айтқанда, сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көліктер жүрмейді. Сонымен қатар облысаралық жолаушылар тасымалы толық тоқтатылды. Қаулыға сәйкес адам көп жиналатын нысандарда дезинфекциялық жүргізіледі. Отбасылық, ұжымдық шараларға салынған тыйым алынған жоқ. Мониторингтік топтар да күшейтілген режимде жұмыс істейді.