419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан электрондық үкімет бағдарламасын қолдану бойынша 29-орында

  • 112
  • UPD: 20:21, 05.02.2021
Қазақстан электрондық үкімет бағдарламасын қолдану бойынша 29-орында

Алматы «Digital Almaty 2021» халықаралық форумын абыроймен атқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы іс-шара «Цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» тақырыбында өтті. Форумға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және Өзбекстанның премьер-министрі, ірі IT-компаниялардың бас директорлары және цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, қазақстандық IT-қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Форум ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дүниежүзілік экономикалық форум президенті Берге Бренденің бейне үндеулерінен басталды. Онлайн режимінде «Google» компаниясының негізін қалаушы Винт Серф сөз сөйледі. Ақпараттық технологиялар тегеурінді дамып келе жатқан заманда көштен қалмау үшін ең алдымен экономиканың барлық саласын цифрландыру қажет. Бұл бағытта Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыс нәтижесін көрсетіп жатыр дейді сарапшылар. Мысалы, электрондық үкімет бағдарламасын қолдану бойынша еліміз әлемде 29-орынға тұрақтаған.    

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Елімізде бөлшек сауда құрылымындағы электрондық сауда көлемі өткен жылы 3 есеге, халықтың қолма-қол ақшасыз операцияларының көлемі 2,5 есеге ұлғайды. Цифрлық салада бизнесті қолдау шараларының арқасында 1000-нан астам инновациялық компания құрылады. Бұл ақпараттық коммуникациялық технология экспорты көлемінің 25 еседен астам өсуіне әкеледі. Салада шамамен 100 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Михаил Мясникович, еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

– Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде біз 89 интеграцияланған ақпараттық жүйені енгізу бағдарламасы қабылданды. Бірақ әзірге соның 19 ғана іске қосылды. Дегенмен жұмыс қарқынын арттырып, алдағы уақытта 48 жобаны жүзеге асырамыз. Техникалық жобалары дайын.

Форумда бүгінгі таңда өзекті саналатын тақырып – пандемия кезеңінде цифрландырудың басты мақсаттары, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолдары мен нәтижелері сөз болады. Сондай-ақ жекелеген елдердегі цифрландыруда қол жеткізген нәтиже айтылды.

Арман Абдрасилов, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі АҚ басқарма төрағасы:

– Мысалы, карантин басталған кезде қанша адамға қанша ақша бөлу керек екенін өзіміздің цифрлық үкімет арқылы ақпараттар жиналады. Оның барлығына анализ жүргізіп, цифрлық егіздер арқылы осыншама халыққа көмек көрсететін болсақ, ол қалай әсер етті, экономикаға қалай әсер етеді, одан кейін әрбір жанұяға қалай әсер ететінін цифрлық экономика-моделирования арқылы білуге болады.

Жалпы форумда 13 панельдік сессия өтті. Онда денсаулық сақтау, өндіріс пен өнеркәсіпті, логистика және өзге де салаларды цифрландырудың тәжірибелері ұсынылды. Мамандар цифрлық білім беру ортасы, IT экожүйесінің  даму жолдары, сондай-ақ пандемия кезіндегі индустрияны және цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздікті дамыту үшін маңызды тақырыптарды талқылады.

Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев, Әбен Нарынбаев, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы