Қазақстандағы мемлекеттік қызметтердің 90% астамы электронды форматта көрсетіледі

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Almaty 2021» форумына қатысушыларға арнаған бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір адам өміріндегі ақпараттық технологиялардың маңызы күн санап артып келеді. Мысалы, карантин кезінде 6,5 миллионға жуық қазақстандық цифрлық жүйелердің арқасында мемлекеттік көмекке ие болған. Сондай-ақ елде Жасанды интеллекттің ұлттық кластері құрылуда. Мәліметтерді тиімді игеру үшін Ақпараттарды өңдеу орталықтары жасалып жатыр. Алдағы бес жылда бұл салаға 500 миллиард теңге тарту көзделген. Биыл салық саласында блокчейн жүйесі енгізіледі. Бұл бастаманы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет жетекшілері де талқылады. Сондай-ақ Беларусь премьері Роман Головченко Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге «Ақылды қала» біріккен жобасын құруды ұсынды.

Әнуар Ахметжанов, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі:

– Әрбір форум қарсаңында біз ақпараттық технологиялар жобаларын ұсынамыз. Бүгін 6 жоба таныстырылды. Олар білім саласында, денсаулық сақтау саласында және мобильдік үкімет платформасы өткен жылда қалай дамыды, қандай жаңалықтар болды? Соның бәрін ұсындық. Тағы да 13 панельдік сессия өткізіледі. Олар осы жаңа мен айтып кеткен тақырыптарды кеңірек ашады.

Сондай-ақ...