«Digital Almaty 2021» форумы: қалалардың электрондық картасы

«Digital Almaty 2021» форумында талқыланған тақырыптың бірі – қалалардың электрондық картасы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын оларға деген сұраныс ұлғайып келеді. Мәселен, елордадағы ғимараттардың барлығы 3D картасына түсірілген. Қазір қала мен компаниялардың бір-бірімен өзара іс-қимыл жасауына мүмкіндік беретін астананың геопорталы жасалып жатыр. Онда нақты уақыт режимінде жер учаскесі туралы оның кадастрлық нөмірінен бастап коммерциялық тиесілігіне дейін бәрін білуге болады. Ал жер астындағы жарық сымдары, су және газ секілді инженерлік желілердің сызбалары 72 процентке цифрландырылған. Жазға қарай бұл жұмыс толық аяқталады. Цифрлық технологиялар құрылысты жоспарлау және ғимараттарды модельдеу үшін қолайлы жағдай жасайды. 

Ботакөз Қасабек, Нұр-Сұлтан қаласы цифрлық және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы:

– Ең бастысы, мұнда халқымыз мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде ала алады. Архитектура, жер, басқа қызметтерді осы порталға кіріп, геопорталдан өз жерін, өз жеріне суды, газды немесе жарықты қалай қосуды көре алады.

Сондай-ақ...