БҚО-да 240 медицина қызметкеріне вакцина салынды

Батыс Қазақстан облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша сары аймаққа енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек соңғы тәулікте 88 дерт жұқтыру дерегі анықталған. Аймақтағы карантиндік және инфекциялық стационарларда 317 науқас емделіп жатыр. Емдеу нысандарының жан-сақтау бөлімдеріндегі 62 науқас та дәрігерлердің бақылауында. Шектеу шараларына байланысты демалыс күндері базарлар мен ірі сауда үйлері, спорттық сауықтыру кешендері жұмыс істемейді. Қоғамдық көліктер жүрмейді. Өңірде вакциналау жұмыстары да жалғасып жатыр. Облыста 240 медицина қызметкеріне коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынған.

Арман Қалибеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:

- Орал қаласы бойынша бүгін бесінші күні, 6 қалалық емхана мен «Медициналық орталықта және аудандарда дәрігерлерге жоспарға сәйкес вакцина егілуде. Қазірдің өзінде 240 адам егілді. Алғашқы күндерде вакцина оң нәтиже беруде. Вакцинадан кейін айқын белгілер немесе аллергиялық реакциялар байқалмады. Вакцина жақсы қабылданады.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Мониторингтік топтармен бүгінгі таңда жыл басынан бері 600-ден астам рейд жүргізілген болатын. Бұған 5 мыңнан аса нысандар қамытылып, бүгінгі таңда 49 заң бұзушылықтар анықталып, 49 хаттама толтырылған болатын. Мониторингтік топтардың жұмыстары күшейтілген режимде жалғасын табуда.

Сондай-ақ...