420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қатонқарағайдағы ветеринарлық зертхана жабылып қалды

  • 122
  • UPD: 21:33, 05.02.2021

Жаңасын салуға қаржы бөлінген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол да қолды болып, құрылыс аяқсыз қалған. Қазір өңірдегі балабақша, мектеп асханалары мен дәмханалар малдың етін еш сараптамасыз қабылдай береді.

Сорақысы, бұл ауданның кей ауылдарында малдың сүйексіңді жұқпалы індеті бұрыннан бар. Ал зертханның жабылуы әсіресе шаруалар үшін қиын болып тұр. Зертхана мәселесі қалай шешіледі?

Қатонқарағай ауылында жаңа ветеринариялық зертхана 2013 жылы салына бастайды. Ол үшін республикалық бюджеттен 125 миллион теңге бөлінген. Алайда қаржы орта жолда қолды болып, аяқсыз қалған. Жаңасы салынып бітпей жатып, ескі зертхананы да жауып тастаған. 2005 жылдан бері мал өсіріп келе жатқан Тоқтасын Бәкімабев аудандағы шаруалар ет пен сүтті еш сараптамасыз сата беретінін ашық айтты.

Тоқтасын Бәкімбаев, шаруа қожалығының басшысы:

– Он бір санаторий бар. Сол орындардада жүздеген адам жатады. Тәулігіне соның бәріне малдың еті сараптамасыз берліп жатыр. Ауылда 2 үлкен мектеп, балабақша бар. Сол жерге де малды сойып, сараптамасыз өткізіп жатырмыз.

Өткізбес бұрын көрші ауданындағы зертханаға сараптама жасатуы тиіс. Алайда бір жағы 200 шақырым болатын Алтай қаласына ешкімнің барғысы жоқ. Екі зертхана да жабылған соң аудан орталығы – Үлкеннарын сынамаларды қабылдау пункті ғана ашылған. Мұндағы ветеринарлық-санитарлық сараптама бөлімі де бар. Бірақ сойылған мал етін бактериологиялық ауруларға тексеруге мүмкіндік жоқ 

Қотанқарағай ауданындағы зертхананың құрлысының 80 проценті салынған. Бірақ қазір қар басқан ескі зертхана мен жаңа нысанның арасында күзетші ғана жүр.

Аудан орталығы Үлкеннарын ауылында да 2013 жылы жаңа ветеринариялық зертхана салына бастаған.Қыруар қаржы бөлініп, бастапқыда құрылыс қарқынды жүргізілген. Алайда арада аттай 8 жел өтсе де, құрылысы қаңырап әлі бітпей тұр.  

Бітпей тұрғаны аудандағы ветеринар-мамандар үшін де қиын. Өйткені көктем мен күзде төрт түліктен алынған мыңдаған қан сынамалары аядай ғана қабылдау бөліміне жиналады. Одан соң топтастырылып, көрші ауданның зертханасына жеткізіледі.

Рақымғали Бәйгереев, «Қатонқарағай-вет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры:

- Бізге қазір проблема болып тұрғаны – қан сынамалары. Оларды осы жерде тексере алмайды. Қан сынамаларын біз Алтай қаласына тасып жүрміз.

Тасып жүргенде малдан алынған қанның бұзылып кетпесіне ешбір маман кепілдік бермейді. Ал 2013 жылдары жалпы елімізде 126 ветеринариялық зертхана құрылысы басталған. Бірақ бөлінген ақша толық игерілсе де, 12 зертхана салынбай қалды. Маңызды нысанға бөлінген қаржыны жымқырған біраз адам қылмыстық жауапкершілікке де тартылған.

Қуаныш Шырманов, республикалық ветеринариялық зертхананың бөлім басшысы:

– Кейбіреуі 30, кейбіреуі 80 процент тұрғызылған, қаңқалары бар. Ал енді оған қалай ақша бөліп, қалай оны аяқтау керектігіне мен жауап бере алмаймын.

Қатонқарағай ауданындағы халық мал мен марал және омартамен шұғылданады. Алайда соңғы жылдары кейбір ауылдардан тек мал арасында болатын сібір жарасы, бруцеллез, қарасан сияқты аса қауіпті ауру ошақтары шығып, шектеу де қойылған. Сондықтан тек қорадағы малын күнкөріс етіп отырған халық ветеринарлық  ертхананың тез салынуын күтіп отыр.

Олжас Керейхан, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы