«Отбасы банкі» сенбі күні де жұмыс істейді

«Отбасы банкі» ертең де жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадағы, Алматыдағы, Ақтау және Жаңаөзендегі банк бөлімшелері таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін келушілерге қызмет көрсетеді. Зейнетақы жинағын ипотекасын жабуға жұмсағысы келгендер болса, ертең банк қызметкерлерінің көмегіне жүгіне алады. Бірақ кезекке алдын ала жазылу керек. Сосын жеке куләктері міндетті түрде болуға тиіс.

Жансұлтан Матай, «Отбасы банкі» орталық филиалының директоры:

– Келесі аптаға жазылып қойғандар бар. Ондай адамдар банк бөлімшелеріне ертең келе берсе болады. Бірақ туысының немесе отбасы мүшесінің атынан тіркелу ікерек. Сол кезде телефондарына смс-хабарлама келеді. Соны банк қызметкерлеріне көрсетсе жеткілікті.