Елімізде 276 елді мекенді су басу қаупі бар

Бұрын одан да көп болатын.

Арнайы жол картасы іске асқалы, соңғы 3 жылда  315 ауыл қауіпті аумақтар тізімінен шығарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірлерде көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары басталды. Қар шығару және арықтар мен жағалауларды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Апатты құтқару бөлімшелерінде 10 мың адам мен екі мыңға жуық техника бар. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев айтты. Өңірлерде 22 тікұшақ, 300-ден астам қайық және 3 мың эвакуациялық орын дайын тұр. Одан бөлек, 145 мың тонна инертті заттар мен 780 мың құм толы қапшық дайындалған. Төтенше жағдай қызметі наурыз айының басында республикалық оқу-жаттығу өткізіп, дайындықты тағы бір пысықтап алмақ.

Сондай-ақ...