427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық тұрғын зейнетақы жинағы арқылы баспаналы болды

  • 248
Қостанайлық тұрғын зейнетақы жинағы арқылы баспаналы болды

Қостанай қаласының тұрғыны Серік Сарбасов зейнетақы жинағы арқылы баспаналы болды.

Ол қаржыны алғашқы салым ретінде пайдаланды. Оның шотына қаражат өтініш бергеннен кейін екінші күні аударылды. Сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін салымшы жаңа пәтердің кілтін алған. Бастапқы жарна ретінде баспана құнының жартысын төледі. Банк несиесі сегіз жарым процентпен берілді.

Серік Сарбасов, қала тұрғыны:

– 23 қаңтарда өтініш бердік. Екі күннен кейін өтініш қанағаттандырылғаны туралы хабарлама келді. Берілген қаржыны алдында ашқан депозитке қосып, баспана алуға несие рәсімдедік. Енді жақын арада жаңа пәтердің кілтін алғалы отырмыз.

Осы уақытқа дейін ел бойынша 108 мыңнан астам азаматтан өтініш түсіпті. Зейнетақының тиесілі бөлігін алуға өтініш беруден бастап, оны белгілі мақсатқа жұмсауға дейінгі операциялардың бәрі тек онлайн түрде рәсімделеді. Бұл туралы ақпараттың бәрі әлеуметтік желілерде жан-жақты көрсетілген. Сұрақтарды осы әлеуметтік желі арқылы банк қызметкерлеріне тікелей жолдап, жауап алуға болады.

Раиса Қойшыбаева, банк қызметкері:

– Консультацияны сіз біздің банк арқылы арнайы есепшот ашу жөнінде телефонмен 300 нөміріне қоңырау шалу арқылы аласыз. Және біздің сайтқа кіріп, өзіңізге кеңесші таңдауыңызға болады.

Хабар 24 телеарнасы