Қазақстандық «Шағала» барлау аппараты дала сынақтарынан өтіп жатыр

Ұлттық қорғаныс университетінде жаңа барлау аппараты жасалды.

Олар прототиптің шетелдік құралдан кем түспейтінін және тіпті артықшылықтарға ие екенін айтады. Оның ұшу қашықтығы 30 шақырымға дейін. Аспанда екі жарым сағатқа дейін қалықтай алады. Бұл ұшу аппараты бөлшектерінің басым бөлігі - отандық. Сынақ барысында әскерилер құрылғының төмен температурада қалай әрекет ететінін тексерді.