Талғарда медсараптама қорытындысымен келіспеген топ өтініші қайта қаралады

Ақпанның екісі күні Алматы облысының Талғар ауданында медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысымен келіспегендер наразылық білдірген болатын.

Олар өздерінің мүгедектер санатына жатқызылмағынын айтып шағымданды. Осыған байланысты наразы топтың өтініші қайта қарастырылады. Құжаттары зерттеліп, талдау жасалмақ. Бұл туралы Алматы облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Мадина Тәңірбергенова мәлімдеді.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғанындай, аталған бөлімге өткен жылы 2,5 мыңнан аса адам жүгінген екен. Олардың екі мыңнан астамы комиссияның шешімімен мүгедек деп танылған. Қалғандары бұл санатқа жатқызылмаған. Ал куәландыру кезінде мамандар дөрекілік танытты деген арыз бойынша қызметтік тексеріс жүргізіле бастады.

Мадина Тәңірбергенова, облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон департаменті басшысының орынбасары:

- Комиссия құрылды. Ол комиссия қазір жұмыс істеп жатыр. Бөлімдегі аудио-, видеоларды алып  қарап жатыр. Әр қызмет алушы бойынша  Сондықтан келесі аптаның басында қорытындысы шығарылады.