Шетелден 470 адам КВИ жұқпағанын дәлелдейтін анықтамасыз келді

Шетелден ПТР анықтамасы жоқ 470 Қазақстан азаматы ұшып келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2021 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 2 073 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 603 адам, анықтамасыз 470 ҚР азаматы келді.

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 323 жолаушы, анықтамамен - 935, анықтамасыз - 388;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 683 жолаушы, анықтамамен - 602; анықтамасыз - 81;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 35 жолаушы, анықтамамен - 34; анықтамасыз - 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 4 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет Анықтамасыз келген барлық 249 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

coronavirus2020.kz