Елордада бір тәулік ішінде карантин режимін бұзған 15 мекеме анықталды

Елордада өткен тәулікте 15 мекеме карантин тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Заңға бағынбау деректері 3 ауданда да тіркелген. Негізінен қоғамдық тамақтану орындары бас санитарлық дәрігердің қаулысына сай жұмыс істемегені анықталды. Арасында түнгі клубтар да бар. Қоғамдық орындарда келушілер саны белгіленген нормадан асып кеткен. Ал ойын клубтары түн мезгілінде де келушілерді қабылдауын тоқтатпаған. Енді барлық мекеме иелері әкімшілік айыппұл төлеуге тиіс.