Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Қарағанды облысындағы түзету мекемесінде отырған жандар жақындарымен қысқа мерзімге жүздесе алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі санитарлық дәрігердің қаулысына осындай бірқатар өзгеріс енгізілді. Енді қоғамдық тамақтану орындары түнгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері сауда-ойын-сауық орталығының жұмыс уақытына енгізілген шектеулер алынды. Шектеу тек демалыс күндері сақталады. Осы жолы автовокзалдар мен автобекеттерге адамның дене қызуын қашықтан өлшеуге арналған құралдар пайдаланып, жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сондай-ақ шаштараздар, ломбардтар мен ақша айырбастау пункттерінде медициналық қолғап кию талабы алынды. Қаулы 8 ақпаннан бастап күшіне енеді.