Ақмола облысындағы жолда 800-ден астам көлік кептеліске ұшырады

2021 жылғы 7 ақпанда таңертең Щучинск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолда, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау, Қостанай бағытына қарай шығаберісте 800-ден астам жеңіл және жүк автомашинасының кептелісі болды, олар жолдардың ашылуын күтті. 

Сағат 13:15-те Щучинск қаласы бағытында 300-ге жуық автомашинадан тұратын көлік құралдарының колоннасы полиция қызметкерлерінің және жол қызметтерінің жетегімен жолға шықты. Сонымен қатар 500 автомашинадан жасақталған колонна полиция қызметкерлерінің және жол қызметтерінің  жетегімен Нұр-Сұлтан қаласына шықты. Сағат 15:30-да Щучинск және Нұр-Сұлтан қалалдарына автокөліктердің кіруіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта Қостанай облысының жолында автомашина кептелісі жоқ. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 

Еске сала кетейік, 6 ақпанда еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында жолдар жабылған болатын. 

Азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. 

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.