419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында екі күннен бері ауа райы қолайсыздық тудырып тұр

  • 194
  • UPD: 11:51, 08.02.2021

Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық бағытқа жол жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір арна тілшісі Дәуренбек Бағдәулетұлы ұялы телефонмен байланысқа шығып, ірі жол апаты мен жолда қалғандар туралы айтып бермек.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Облыста екі күннен бері ауа райы қолайсыздық тудырып тұр. «Қазавтожолдың» хабарлауынша, өңірдің барлық аймағындағы жолдарда көктайғақ тұрып, соққан желдің екпіні күшейген. Салдарынан жолды көру мүмкін болмай отыр. Осы жағдайға байланысты жол-көлік оқиғасы да жиілеген. Мысалы, Қарағанды Осакаров ауданы бағытындағы Батпақты ауылынан екі шақырым жерде кетіп бара жатқан «Мерседес» көлігі жол жиегіне шығып кетіп, оның артынан тағы 3 көлік соқтығысып қалған. Абырой болғанда, жарақат алғандар жоқ. Ал, төтенше жағдай департаментінің ақпаратынша, кешелі бері жолда қалған он шақты адам құтқарылған екен. Көлікпен жол жиегіне шығып, аударылып кеткен сияқты жағдайлар өте көп. Қазір облыс аралық жолдарды айтпағанда, Қарағандыға жақын орналасқан елді мекендерден облыс орталығына жетудің өзі қиын болып тұр. Себебі іргелес қала тұрғындарының кемі 25%-і Қарағандыға келіп жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы