Елорданы қалың қар басты

Ақпанның алғашқы 8 күнінде бір айлық норманың жартысы жауған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте қала көшелерінде 85 жол-көлік апаты болып, таң ата соңы кептеліске ұласты. Зардап шеккендер жоқ. Қардың қалыңдығы кей жерлерде 29 сантиметрге дейін жетеді. Қазір коммуналдық сала мамандары тынымсыз жұмыс істеп жүр. Қар тазалайтын техника толық құраммен жолға шыққан. Елордаға бағыт алатын республикалық маңыздағы жолдарда да осыған ұқсас жағдай. Төтенше жағдай қызметкерлері жүргізушілерді алыс жолға шықпауға шақырады. Солтүстік Қазақстанда өткен тәулікте қар құрсауында қалған 60 адам құтқарылған. Жолдарды қардан аршу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.