Қарағанды облысында қар құрсауынан 11 адам құтқарылды

Қарағанды облысында соңғы екі тәулікте жол жиегінде қалып қойған 11 адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Естеріңізге салсақ, 7-8 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты өңірде барлық бағыт бойынша қозғалысқа тыйым салынған.