Елорданы қардан тазалауға 1200 техника шықты

Елордада 8 ақпанда қардан тазату жұмыстарына 1200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ қар құрсауына 2 мыңға жуық жұмысшы шықты, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада қар жинау жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде. Бірінші кезекте жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер, яғни алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. қардан тазартылады.

7 ақпаннан 8-іне қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 800-ден астам арнайы техника мен 100-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Өткен тәулікте 39,5 мың текше метр қар шығарылды.

7 ақпаннан 8 ақпанға қараған түні қаладан 20 376 текше метр қар шығарылды.