Елге келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте елге 18 халықаралық әуе рейсімен 2474 жолаушы келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 762-сінде ПТР-анықтама болмаған. Олар тиісті стационарға жеткізіліп, сынама тапсырды. Енді нәтижесін күтеді. Ал 6 ақпанда анықтамасыз келген 484 жолаушының екеуіндн тест оң нәтиже көрсетті. Бірі Дубай – Алматы рейсімен, екіншісі Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен елге оралған болатын.