Қостанайда автобус жүргізушілері наразылық білдірді

Қостанайдағы қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бірқатар тасымалдаушы компанияның автобустары жолға шықпады. Сұраныстың артуына байланысты такси жүргізушілері бағаны бірнеше есе қымбаттатып жіберді. Қоғамдық көлік қатынасын қалай да бұзбауға тырысқан автопарк қожайындары тізгінге өздері отырған. Қазір қала ішіндегі 15-20 бағытында қатынайтын автобустар саны шектеулі. Жүргізушілер бұған дейін жетілдірілмеген электрондық төлем жүйесіне еңбекақының аздығына наразалық білдіріп, автобустарда кондукторлардың отыруын талап еткен. Әкімдік бұл жағдайға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.