Шымкентте кезекті той тоқтатылды

Шымкентте карантин уақытында той ұйымдастырған азаматтар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Аудан аумағында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың барысында «Ғажайып» тойханасында үйлену тойының өтіп жатқаны анықталды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын бұзған той ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) тиісті шара қолдану үшін жинақталған іс-құжаттар Әл-Фараби аудандық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.