424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да 20 ауыл қар құрсауында қалды

  • 217
  • UPD: 15:40, 08.02.2021

Солтүстік Қазақстан облысында да қар құрсауында қалған 60 адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде демалыс күндері қатты боран соғып, барлық бағыттағы жол жабылды. Бірақ дауылды ескертуге қарамастан жолға шыққан жолаушылар аз болмады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Ақпанның ат құлағы көрінбейтін ақтүтек бораны. Мына жігіт жапан далада жалғыз өзі адасып кете жаздады. Әйтеуір ауыл маңында жол талғамайтын көлікпен жүрген құтқарушылар көріп, мінгізіп алды. Бұл жерде тағы екі көлік батып қалған.

Борис Баймышев, Шаховское ауылының тұрғыны:

- Таңертең жұмысқа шыққам. Қалың қарға батып қалдым. 112 хабарластым. Құтқарушылар келіп, шығарып алды. Алғыс айтамын.

Өңірде боран соғып, жолдар көктайғаққа айналды. Ауа райының қолайсыздығынан 20 ауыл қар құрсауында қалды. Жолда батқандар да көп.

Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Мағжан Жұмабаев ауданы Писаревка ауылының маңында 57 адам құтқарылды. Қалың қардан 20 көлік шығарылды. Жол тазаланды.

Енді аяздар басталады. Синоптиктердің айтуынша, осы аптада сынап бағаны тағы да 30 градусқа дейін төмендейді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы