420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Былтыр отандық экспорт көлемі 18% азайды

  • 86
  • UPD: 15:36, 08.02.2021
Былтыр отандық экспорт көлемі 18% азайды

Ел экспортының көлемі былтыр 18,2%-ке төмендеді.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, дағдарысқа әлемдік пандемия сеп болып отыр. Жүк тасымалдау да азайды. Шетелдік кәсіпкерлермен коммерциялық байланыс үзілді. Жалпы әлемдік сауда қарқыны 9,2%-ке азайды. Басты серіктес саналатын 10 мемлекетпен экономикалық белсенділік шамамен 3% қысқарды. Алайда елде өңделген өнімнің экспорты нәбері 3,4%-ке құлдилаған. Мұнай өндірісінің азаюына байланысты қара алтын бағасы түсті. «Осы себепті экономиканың шикізаттық емес секторының әлеуетін арттыру керек», - дейді министрліктегілер.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Экспорттың дамуы ішкі тауар айналымына және сауда-логистикалық инфрақұрылымға тікелей байланысты. Ұлттық тауар өткізу желілерін құру және оны көрші елдермен байланыстыру шекарааралық алыс-берісті кеңейтудің маңызды бөлігі саналады. Оның ішіне транзиттің дамуы мен географиялық аясын кеңейту жағды да кіреді.

Хабар 24 телеарнасы