Елордағы медициналық-санитариялық алғашқы көмектің 36 ұйымында барлығы 36 егу кабинеті жұмыс істейді, онда COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу жоспарлануда.
Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Егу пункттері барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген және санитарлық талаптарға сәйкес келеді. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтай отырып, 36 вакцинация кабинеті дайындалды», - деді Тимур Мұратұлы.
Басқарма басшысы сөзін жалғай отырып, 36 жылжымалы бригада, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу мен ұйымдастыруға, қалдықтарды кәдеге жаратуға жауапты қызметкерлер белгіленгенін атап өтті.