«Үшарал-Достық» бағытындағы жол жабылды

Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» бағытындағы жол да күн райының қолайсыздығынан жабылды.

Әсіресе, қарлы боран 84-тен 184-ші шақырым аралығында ұйытқып тұр. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға аталған бағытта жолға шықпау керектігін ескертеді.