Елордада ірі ұтыс ойынын ұйымдастырған кәсіпкер 4 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Елордада карантинге қарамастан ірі ұтыс ойынын ұйымдастырған кәсіпкер 4 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесі тарапынан осындай қатаң шара қолданылды. Кәсіпкер гүл дүкенінің ашылуына байланысты 2 мың адамның қатысуымен ұтыс ойынын ұйымдастырып, сыйлыққа 2 автокөлік тіккен. Санитарлық ережелерге мүлде сай келмейтін әрекетке барып, келушілердің денсаулығына қауіп төндірген. Адамдар арасында арақашықтық сақталмай, маска тағу режимі мен басқа да ережелер бұзылған.