Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігі ғимаратының қабырғасы қақырап тұр

Сейсмикалық жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бірақ қаражат мәселесі қолбайлау, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезінде нысан апатты жағдайда деп танылған. Кейін қайта тексеріліп, шешім жоққа шығарылды. Одан кейін бірнеше рет жобалық-сметалық құжаттамасы да жасалды. Алайда жөндеуге бюджет тарапынан қаржы бөлінбеді. Ауданның бас мекемесінің қазіргі жағдайы мынау. Бір бөлігі жылудан мүлде ажыратылған. Салдарынан әкімдік қызметкерлері нысанның екінші бөлігінде, яғни аядай ғана бөлмеде жұмыс істеуге мәжбүр. 

Бақыт Қазанбасов, Талас ауданының әкімі:

– Ауданда 13 бөлім бар. Үш бөлімі осы жерде. 10 бөлім мәдениет үйі бар. Қалалық әкімшілікте, спорт үйлерінде отырғандықтан жолдаған болатынбыз. 186 миллионға жоба жасатып, облысқа ұсындық. Бүгінгі таңда қолдау таппай отыр.