426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды тұрғыны алаяқтықпен бірнеше адамның ақшасын иемденген

  • 247
  • UPD: 17:34, 08.02.2021
Қарағанды тұрғыны алаяқтықпен бірнеше адамның ақшасын иемденген

Қарағандылық полицейлер ақпараттық технологиялардың көмегімен бірнеше алаяқтық жасаған азаматшаны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Ақпан айының басынан бері Қарағанды облысы Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне интернет-алаяққа алданып қалған қала тұрғындарынан арыздар түсе бастады.

Алаяқ әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға қажетті тауарларды алу үшін алдын ала ақша талап еткен. Алданған тұрғындар алаяққа 16 мыңнан 55 мыңға дейін ақша жіберген.

Полицияда осындай алаяқтық деректері бойынша бес арыз тіркелді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 140 мың теңгені құраған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 5 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен Қарағанды қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті азаматша қылмысын мойындады. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Хабар 24 телеарнасы