БҚО-да карантиндік шектеу шаралары жалғасады

Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шектеу шаралары жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адам көп жиналатын ойын-сауық немесе спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға әзірге рұқсат жоқ. Дегенмен жаңа қаулыға бірқатар өзгеріс енгізілді. Азық-түлік пен киім-кешек сататын ашық және жабық базарлар, сондай-ақ сауда орталықтары сенбі күні жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы түнгі 12-ге дейін жалғасады. Бірақ келушілер саны 50 проценттен аспауы керек. Жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер қызметіне де шектеу жоқ.   

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Театрлар жұмысы 21 күні шыққан қаулы бойынша тоқтатылған болатын. Бүгіннен бастап кинотеатр, театрлар және мәдени үйлер жұмыстарын жалғастырады. Адамдарды кіргізуге 20 пайызға дейін рұқсат етіледі. Және мәдени нысандардағы дайындықтарға 30 адамға дейін рұқсат етіледі.

Сондай-ақ...