416,57 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алтынкөл теміржол стансасы мен құрғақ порт арқылы алғашқы транзиттік жүк көлігі жолға шықты

  • 106
  • UPD: 20:28, 08.02.2021
Алтынкөл теміржол стансасы мен құрғақ порт арқылы алғашқы транзиттік жүк көлігі жолға шықты

Шекара бойындағы Алтынкөл теміржол стансасы мен құрғақ порт арқылы Қытайдан Қырғызстанға қарай алғашқы транизиттік жүк пойызы жолға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жөнелту жұмыстарын ұйымдастыруға еліміздің теміржол компаниясы қатысты. Контейнерлік пойыз құрамында 46 вагон бар. 800 тонна жүк Қытайдың Үрімші стансасынан Қырғыздың Аламедин стансасына 4 тәулікте жетеді. Қазақстан транзиттік пойыздарға халықаралық көлік дәлізін ұйымдастыру арқылы елдер арасындағы тауар айналымын дамытуға үлес қосады. 

Мадияр Омаров, компанияның өндіріс департаментінің директоры:

– Біздің құрғақ порттың аймағында бір тәулікте 700 -900 контейнерге дейін тиеп, түсіру жұмыстарын жүргізе алады. Ол жұмысты жүргізу үшін барлық техника қарастырылған. Контейнерлік жүктерден басқа да жеңіл көліктердітүсірумен айналысамыз. Құбырлар газдандыру саласында жүріп жатқан, құрылыс материалдарының барлығын түсіріп, тиеумен айналысып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы