Елімізде әлеуметтік сала қызметкерлері ең төменгі жалақы алады

Финпром.кз порталы осындай ақпарат жариялады.

Сумен қамту мамандарының еңбекақысы орта есеппен 146 мың теңгені құрайды. Бұл – тізімдегі ең төмен көрсеткіш. Шаруалардың да еңбекақысы осы шамалас. Мұғалімдер 176 мың теңге алса, дәрігерлердің ақысы одан 20 мыңға артық. Көтерме және бөлшек сауда арқылы күн көріп отырғандардың табысы 200 мыңнан сәл асады. Құрылыс пен өңдеу өнеркәсібінде істейтіндер 260 мың теңге алады. Көлік саласындағы табыс шамамен 280 мыңды құрайды. Ең жоғары еңбекақы қаржы, сақтандыру және тау-кен қызметінде тіркелген.