Қазақстанның бірқатар өңірінде аяз күшейеді

Еліміздің біраз бөлігінде аяз күшейеді. Әсіресе Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналады.

Желдің екпіні секундына 25-28, тіпті кей жерлерде 30 метрге дейін жетеді. Салдарынан сынап бағанасы төмендеп, аяз күшейеді. Бұған қоса тұман болады. Сәйкесінше жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Осыған ұқсас жағдай Түркістан мен Алматы өңірлеінде де байқалады. Ал Ақтөбеде және Қызылорда облыстарында тұман болады. Желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында да бүгін қар жауып, аяз күшейеді. Аталған аймақтарға дауылды ескерту жарияланды.