Елімізде 26 мыңнан астам адам COVID-19-дан емделіп жатыр

Елімізде 26 380 адам короновирус инфекциясынан (16 376 КВИ+ және 10 004 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 5 560 пациент стационарда, 20 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 261 адамның жағдайы ауыр;
• 50 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.