Талдықорғанға жаңа прокурор тағайындалды

Алматы облысы Талдықорған қаласына жаңа прокурор тағайындалды.

Бас прокурордың бұйрығымен Әшеев Бақытжан Мұратұлы Алматы облысы Талдықорған қаласының прокуроры болып тағайындалды.

Әшеев Бақытжан Мұратұлы, 31.07.1982 жылы туған.

1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түсті. Аталған ЖОО-ны 2003 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында прокурор көмекшісі болып бастаған.

Әртүрлі кезеңде Қарасай ауданы прокурорының орынбасары және Талдықорған қаласы прокурорының орынбасары лауазымының қызметін атқарған.

Талдықорған қаласының прокуроры болып тағайындалғанға дейін Алакөл ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілімі 18 жыл.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.