Шымкентте тойхана карантин режимін бұзып, той өткізген

Шымкентте тойхана карантин режимін бұзып, той өткізген, деп хабарлады Polisia.kz.

Шымкент қаласында карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында тұрақты мониторинг жұмыстары атқарылуда.

Кезекті рейдтік шаралар барысында Абай ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан «Мұса» тойханасы карантин уақытында адамдардың көп шоғырлануына жол беріп, той өткізіп жатқаны анықтады.

Карантин талаптарын бұзған тойхана иесі мен той өткізіп жатқан азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабымен шара көру үшін жинақталған құжаттар аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасынның қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ...