Қазақстанда жаңартылған энергия көздерінің үлесі артады

Биыл қуаты 381,1 МВт болатын 23 жаңартылған энергия көзінің нысаны іске қосылады. Жалпы былтыр электр энергиясын өндірудің 3 проценттік үлесі толық орындалған.

Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осылай деп мәлімдеді. 2025 жылы елде өндірілетін электр қуатының 6 проценті жаңартылған энергетика көздерінен  болады. 2030 жылға қарай оның үлесін 10 процентке жеткізу жоспары бар. Ал 2050 жылы жалпы энергия тұтынудың тең жартысы жаңартылған және баламалы энергия көздеріне тиесілі болмақ. Өңірлерде жаңартылған энергия көздерін орналастыру, ресурстық әлеуеті мен электр-энергияға деген қажеттілігін анықтау және инфрақұрылымын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.