416,57 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Смартфондар сыйлаймыз: қазақстандықтарды фишингтік сайт иелері алдап жүр

  • 96
  • UPD: 15:17, 09.02.2021
Смартфондар сыйлаймыз: қазақстандықтарды фишингтік сайт иелері алдап жүр

WhatsApp мессенджерінде фишингтік сайттың жарнамасы таратылуда, деп хабарлады stopfake.kz.

Қауіпті ресурсқа шақыруда сауалнамадан өткені үшін смартфон сыйға берілетіні айтылған. Шын мәнінде, бұл – пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлауға мүмкіндік беретін алаяқтық схема.

Платформаны әзірлеушілер пайдаланушылардан жеке мәліметтерін – жынысын, жасын, тұратын елін және т.б. енгізуді сұрайды. Сөйтіп, сауалнама нәтижелері бойынша ұтыс өткізіп, қымбат ұялы телефонды сыйға тартады екен.

Сауалнаманың төменгі жағында бағалы сыйлықтар жеңіп алған пайдаланушылардың пікірлері ұсынылған. Бірақ әйелдің есімінің астынан ер адамның фотосуреті бар аватар көрсетілген немесе пайдаланушылардың есімдеріне қарап, олардың басқа елдердің азаматтары екенін байқауға болады, ал пікірлердің барлығы орыс тілінде жазылған. Сайттың қарапайым дизайны мен мекенжай жолында қауіпсіз интернет байланысы белгісінің болмауы фишингтік сайттың белгісі болып табылады.

Алаяқтар осындай интернет-платформалар арқылы жеке ақпаратты, төлем деректерін, жеке аккаунттардың құпиясөздерін және пайдаланушылар туралы басқа да ақпаратты иемденеді.

Хабар 24 телеарнасы